Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Астанада аяқталған Азия чемпионатында командалық бірінші орынды иеленді. Бас жаттықтырушы Таңат Сағындықовтың шәкірттері Астана боз кілемінде екі  алтын, бір күміс және қос қола медаль жеңіп алды.

  • 29 Сәуiр 2014
  • 232
Фото - Caravan.kz

85 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов топ жарса,  98 келіде  Ерұлан Ысқақовтың мерейі үстем болды. 71 келі салмақ дәрежесінде белдескен Мақсат Ережепов  ел қоржынына күміс жүлде салып берді. 80 келіде күш сынасқан   Азамат Құстыбаев пен  66 келідегі үмітіміз Айбек Еңсехановтың еншісінде қола медаль. Чемпионат қорытындысы бойынша  біздің балуандар командалық бірінші орынды иеленсе,  Қырғызстан мен Иран екінші және үшінші орындарды бөлісті.

 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов,  Еуропа Бокс Одағы версиясы бойынша кәрі құрлық чемпионы атанды. Жеңіл салмақта өнер көрсететін  жерлесіміз титулдық  жекпе-жектің бесінші раундында  француз Карим ГУЭР ФИДІ  сұлатып салды.

Бойы ұзын  француз көпке дейін  Жанатты жақын жібермеуге тырысып бақты. Бірақ қаша жүріп ұрыс салған чемпионның жоспары,  бесінші раундта күл талқан болды. Жанаттың жойқын соққысынан кескен теректей құлаған  Карим Гуэрфи бірер сәт тырп етпей жатып қалды.  Алдына үлкен мақсат қойған Жанат Жақиянов үшін  бүгінгі жеңістің орны ерекше. Өйткені  Еуропа чемпионы атанған   Жанат,   Бүкіләлемдік бокс кеңесінің  рейтинг кестесінде бірнеше сатыға  көтерілді. 

 


Футболдан Испания чемпионаты аяқталуға жақын. Соңғы турларда әр ұпайдың бағасы артары сөзсіз. Әзірге “Реал” мен “Барселонаны” озып көш бастап келе жатқан Мадридтық “Атлетико” чемпиондыққа тағы бір қадам жасады.

Бұл жолы “Валенсияға” қонаққа барған Диего Симеоне шәкірттері 1:0 есебімен жеңісті тойлады. Жалғыз голдың авторы Рауль Гарсия. Ал ертең чемпиондар лигасының жартылай финалында өнер көрсететін “Реал” “Баварияға” қарсы тас түйін дайын екендігін анық аңғартты. “Сантьяго Бернабеу” стадионында “Осасунаны” қабылдаған “корольдік” клуб қарсы қақпаға жауапсыз 4 доп тоғытты. Осы тур “Барселонаға” оңай тимеді. “Вильярреалмен” сырт алаңда ойнаған каталондықтар 2:0 есебімен жеңіліп жатып, нағыз жігерлік танытты. Қортынды есеп 3:2. Алайда бұл кездесу нәсілшілдікпен де ерекшеленді. Бұрыштама добын көтеруге барған Дани Алвеске жергілікті жанкүйерлер банан лақтырған. Ал бразилиялық мұндай арандатушылықты әзілмен қабылдап, бананды жеп қойды.