Спортшылар дайындығын күшейтті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спортшылар дайындығын күшейтті

Спортшылар дайындығын күшейтті

Төрт жылда бір келетін қысқы Олимпиада ойындарына баратын спортшылар саны реттеліп келді. Сочида Қазақстан намысын қорғайтын шаңғышылар бүгін дүбірлі дода алдындағы дайындықтарын пысықтауда. Әзірге спортшылар күтілгендей қыруар олимпиада жолдамасын иелене алмады. Аталмыш мүмкіндікке қол жеткізу үшін ертең басталатын Қазақстан чемпионатында үздік өнер көрсету керек. Бұл додаға Украина мен Түркия тарландары да келетінін ескеру қажет.

  • 15 Қаңтар 2014
  • 379
Фото - Caravan.kz

Бап шаба ма, бақ шаба ма деп бас қатырып жатқан жоқ біздің спортшылар. Алатаудың етегінде таң атысы кеш батысы жүйткіп жүр. 80-нен астам мемлекет қатысатын Сочидегі қысқы Олимпиадада Қазақстан туын тұғырдан төмен түсірмеу ойлары. Бүгін шаңғышылар соңғы дайындықтарын пысықтауда. Осы тұста Қазақ елінің көк туын желбіретіп топ басында ұстап шығатын Ердос Ахмадиевтің көңіл толқынысы ерекше.

Ердос Ахмадиев, шаңғышы:

-Мен үшін бұл енді қуанышты. Қанша сполртшының ішінен мені таңдағанына мен қуаныштымын. Және тек туды ғана емес, біздің әнұран ойнайтындай жағдайға жеткізу керек деп ойлаймын. Сочидағы ХХІІ Олимпиадада. Біздің Олимпиада, бар күшімізді саламыз деп ойлаймын.

-Төрткүл дүние көз тіккен төрт жылда бір келетін қысқы Олимпиада ойындарының биыл Сочиде өтетіні әмбеге аян. Дәл осы дүбірлі додаға қазақ атырабынан аттанатын шаңғышылар Алматы іргесіндегі мына жарыс жолағында соңғы дайындықтарын пысықтауда. Бүгінге дейін ақ қарда алдына қара салмаған аузымен құс тістеген шаңғышыларымыздың қоржынында Сочи Олимпиадасының 7 бірдей лицензиясы бар. Дегенмен жаттықтырушылар бұл жолдамалардың санын кемі 12-ге дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Ертең дәл осы жарыс жолында еліміздің ашық чемпионаты жалауын желбіретпек. Сочи додасының жолдамасы жеңімпаздарға жолданады. Соңғы мүмкіндік бұл. Алайда шаппай бәйге беретін жүйрік жоқ, Украина мен Түркиядан да Олимпидаға барғысы келетін сен тұр мен атайын спортшылар елімізге алқынып жетпек. Бабында жүрген мықты спортшыларымызды жаттықтырушылар Сочидің аяқтан шалар ауа-райына дағдыландыруда.


Виктор Васильев, шаңғы спортынан еңбек сіңірген жаттықтырушы:

-Ол жақтағы ауа-райы құбылмалы. Аяқ асты жапалақтап қар жаууы мүмкін. Жарты сағаттан соң қар аралас жаңбыр жауады. Алдын ала болжау мүмкін емес. Сондықтан трассаның ауырлығы бір бөлек, күн райының қиындығы тіптен ауыр соғайын деп тұр спортшыларымызға.

Сочидің сан соқтыруы мүмкін трассасы тіптен қиын, 400-500 метрлік өрлерге шаңғымен қарғып шығуға тура келеді. Дегенмен қазақ елінің қысқы олимпиада құрамасы арық сөйлеп семіз шығуға үміттеніп отыр. Негізгі бағдарламадағы 15 спорт түрінің 11-нен жолдама ұтып алу жоспарда. Төрткүл дүние күтіп отырған Сочи олимпиадасы 6 ақпанда басталып 23 ақпанда түйінделеді.