Ауыр соққыдан тек баскиім мен иықжапқыштары ғана қорғап тұр. Бірінші кезеңде бір-бірін тоқпақтың астына алса, келесіде қанжарласып, соңына қарай жалаң қолмен жағадан алысып жатыр. Бірақ жан алардай болған белдесуде қарсыластар соққы мен бет ауыздан аққан қанды елейтін емес. Өйткені самбо, қол жекпе-жегі мен қылыштасу тәсілі араласқан «үшкүрес», ережесіз жекпе жектен бір елі кем түспейді. Ата балалар ұрысын дәріптейтін «Үшкүресті» ойлап тапқандар қазаққа тән жекпе жекті енді спорттың дара түріне айналдырмақ ойы бар.