Жарияланды: 480

СҚО әкімдігіндегі кеңесте етті мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Петропавлда, 27 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов кеңес өткізіп,

оның барысында басты тақырып ретінде аймақтағы етті мал шаруашылығын дамыту мәселесі талқыға салынды. Кеңесте айтылғандай, мал шаруашылығындағы бұл бағыт ел Президенті алға қойған басымдықтардың бірі, сондықтан да осы бағытта аймақта кешенді шаралар қолға алынуда. Кеңес барысында сонымен қатар, облыста Қызылжар мен Айыртау аудандарынан басқа жерлерде малға арналған фермаларды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілмей отырғаны да әңгімеге арқау болды. Осы мәселені талқылау нәтижелері бойынша облыс әкімі биылғы жылдың 10 маусымына дейін Қаржылық қолдау қоры бойынша жіберіліп жатқан қаржыны 100 пайыз игеруге тапсырма берді. Сонымен қатар, аудан әкімдері күн сайынғы талдау жүргізіп, сатып алынған мал бастарын ұстауға жағдай жасау, ветеринарлық заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, мал шаруашылығы ғимараттарын дезинфекциялау жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауға тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть