СҚО барған Дариға Назарбаева бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО барған Дариға Назарбаева бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады

СҚО барған Дариға Назарбаева бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады

Мүгедектер де қоғамның толыққанды мүшесі болуы тиіс. Бүгін Солтүстік Қазақстан облысына екі күндік сапармен келген Мәжілістің вице-спикері Дариға Назарбаева өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған біраз нысандарды арнайы аралады.

  • 15 Сәуiр 2014
  • 188
Фото - Caravan.kz


Дариға Назарбаева бастаған депутаттар алдымен облыстық балалар ауруханасына ат басын тіреді. Сал болып туатын сәбилердің денін дер кезінде емдесе, қоғамда мүгедектер санын едәуір азайтуға болады дейді дәрігерлер. Мұнан кейін халық қалаулылары саңыраулар мен есту қабілеті төмен балаларға арналған облыстық мектеп-интернатта болды. Мұнда қазір 150 бала орта білім алады. Олардың 15-нің құлақтарына қымбат бағалы    имплантант салыныпты. Осы жерде депутаттар балалардың өнерімен танысты. Бірде бір әуенді естімесе де, кәсіби әртістерден кем билемейтін балалардың қабілет-қарымына вице-спикер тәнті болып, бірге ән де шырқады.