СҚО баспана құрылысының үш жылдық бағдарламасы бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО баспана құрылысының үш жылдық бағдарламасы бекітілді

СҚО баспана құрылысының үш жылдық бағдарламасы бекітілді

Астана. 21 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында 2008-2010 жылдарға есептелген аймақтық баспана құрылысының үш жылдық бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі СҚО құрылыс департаментіне сүйене отырып.

  • 21 Наурыз 2008
  • 420
Фото - Caravan.kz

Департаментте хабарлағанындай, үш жылдың ішінде облыста 685 мың шаршы метр баспана тұрғызу жоспарланған, оның 22 мың шаршы метрі биылғы жылы тұрғызылады деп күтілуде.

Бағдарлама бойынша жас отбасылар мен әлеуметтік сала қызметкерлері үшін арзан 633 ипотекалық баспана құрылысы қарастырылған. 2008 жылы 27,9 мың шаршы метр көлемінде ипотекалық тұрғын үй салынатын болады.

2008 жылы облыста соңғы рет республикалық қаржы есебінен коммуналдық баспана тұрғызылады.

Оның алдында 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй баспана құрылыс бағдарламасы ойдағыдай орындалды. Өткен үш жыл ішінде бес мыңға жуық солтүстік қазақстан облысының тұрғыны өздерінің тұрғын үй мәселесін жақсартты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті