СҚО-да ауыл әкімі 1 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылуға кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да ауыл әкімі 1 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылуға кесілді

СҚО-да ауыл әкімі 1 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылуға кесілді

Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) Юбилейный ауылдық округының әкімі А.Ғабдулин көпірді жөндеуге бөлінген қаржыны өз қалтасына басқаны үшін 5 жыл мерзімге мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырумен жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеумен 1 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

  • 30 Мамыр 2011
  • 476
Фото - Caravan.kz

«2009 жылдың 2 сәуірінде көктемгі су тасқыны кезінде Шал ақын ауданы Белоградовка ауылының маңындағы Шудосай өзенінің көпірін су шайып әкеткен. Бұл көпір Белоградовка ауылы мен аудандық және облыс орталықтарының арасындағы жалғыз көлік бағыты болып табылатындықтан, оны Белоградовка ауылының тұрғындары мен шаруа қожалықтары өз күштерімен екі күннің ішінде қалпына келтірген. Ал жергілікті атқарушы органдар көпірді қалпына келтіру жұмыстарына қатыспаған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Алайда бюджет қаржысын алу мақсатымен Юбилейный ауылдық округының әкімі А. Ғабдулин 2009 жылдың қырқүйек айында өзінің қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланып, аудан әкіміне 2009 жылдың көктемінде жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары бойынша шығындардың орнын толтыруға қолдау көрсету тіралы өтініш жазған.

«Ғабдуллин өз әрекеттері мен қаржы алуға заңдылық сипатын беру үшін «ВелесПНМ» ЖШС-інің директоры Н. Поповқа «Жәрдем» МКК-мен келісімге және көпірді қалпына келтіру бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне қол қою туралы өтініш жасаған. «Велес ПНМ» ЖШС бөгетті қалпына келтіру жұмыстарына қатыспағанына қарамастан, Попов аталған құжаттарға қол қойып, Ғабдулиннің өтінішімен 2009 жылдың 13 сәуірі деген мерзім қойылған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Шал ақын ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 18 қырқүйегіндегі Ғабдулиннің өтініші бойынша Т340 мың қаржы бөлу туралы қаулысына сәйкес аталған сома «ВелесПНМ» ЖШС-інің есептік есепшотына аударылған.

«Кейін қаржы ауылдық округтың әкімі Ғабдулинге беріліп, ол оны қалтасына басқан», — деп хабарлайды прокуратура.

Соңғы жаңалықтар