Оқиға биыл жазда болған. Есіл өзеніне шомылуға келген Ксения «құтқарыңдар» деген дауысты естіп, солай қарай ұмтылған. Зіңгіттей ер адамды судан алып шығу қызға оңайға соқпапты. 45 жастағы заңгер Владимир Редькиннің аяғы суда тайып кетіп, Есілдің қатты ағысына қарсы тұра алмаған екен. Ол ертеңіне-ақ жергілікті төтенше жағдайлар бөліміне келіп, болған оқиғаны айтып берген. Ондағы мамандар хаттама толтырып, Ксенияны мақтау қағазымен марапаттапты. Бірақ министрдің өзі ержүрек қыздың ерлігіне тәнті болып, оған арнайы төсбелгі жіберген.