Алғашқы ауру мал Қызылжар іргесіндегі Семипалатное ауылынан табылған болатын. Әлі күнге дейін иелері ауру ірі-қараға берілетін өтемақыны азсынып, сиырларын өткізуден бас тартып отыр. Жалпы облыстағы барлық малды тексерген ветеринарлар 200 бастай ірі қараның көзін жою керек деген тоқтам жасаған. Дерт анықталған елді-мекен тұрғындарынан да қан алынып жатыр. Әзірге ауру белгілері екі адамнан табылды.
Александр Мельниченко, эпидемиолог:
-Жарты жыл бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Екі ай сайын қан алып, тексеріп отырамыз. Егер ауру дендесе бруцеллезді емдеу кестесі бойынша ем шара қолданамыз.