СҚО-да отағасы жүкті әйелін өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да отағасы жүкті әйелін өлтірді

СҚО-да отағасы жүкті әйелін өлтірді

Өз әйелін өлімге қиды. Солтүстік Қазақстанда отағасы жүкті әйелін бауыздап өлтірді. Айы күні толып отырған келіншегінің құрсағында егіз қыз болған екен. Ауыр қылмыстан шошыған қаскөй кейін өзіне қол жұмсаған. Алайда, дәрігерлер оны аман алып қалыпты.    

  • 9 Сәуiр 2014
  • 193
Фото - Caravan.kz


Марқұм келіншек Юрии Никитинмен осыдан бір жарым жыл бұрын көңіл қосқан. Некелерін де заңдастырыпты. Бірақ, араққа жақын отағасы жұмыс істемеген. Кезекті жанжал кезінде ол әйелін пышақтап өлтірген. Кейін айыққан соң, өзінің тамырын кесіп, қарнын екі жерден тіліп жіберіпті. Бірақ,  аман. Ал марқұмның артында 13 пен 18 жастағы екі қызы қалды.