СҚО-да пара алған басқарма басшысына 30 млн теңге айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да пара алған басқарма басшысына 30 млн теңге айыппұл салынды

СҚО-да пара алған басқарма басшысына 30 млн теңге айыппұл салынды

Петропавл қалалық соты мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Валерий Затайдың пара алу ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Қараша 2017
  • 202
Фото - Caravan.kz

«Петропавл қалалық сотының үкімімен Валерий Затай ҚР ҚК-інің 366-бап 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылыққа байланысты кінәлі деп танылды және аталған бап бойынша айыпталушының заңсыз жолмен немесе заңсыз жолмен табылған қаражатқа алынған жеке меншігіндегі мүлкін тәркілей отырып, 30 690 000 теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы кесілді», — делінген сот үкімінде.

Сондай-ақ, сот шешімі бойынша, Валерий Затай өмір бойы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметтерде лауазымды қызмет атқару құқығынан аластатылды.

Айта кетейік, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Валерий Затай 21 қыркүйек күні Петропавлдағы сауда үйінің алдында 1,5 мың доллар пара алу үстінде ұсталған болатын. 


 

Соңғы жаңалықтар