Степногорлықтар жылдар бойы күткен жаңа асфальт - тура қар мен судың үстіне төселуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Степногорлықтар жылдар бойы күткен жаңа асфальт - тура қар мен судың үстіне төселуде

Степногорлықтар жылдар бойы күткен жаңа асфальт - тура қар мен судың үстіне төселуде

Степногор қаласында тағы да жол дауы. Шаһар жұртының жылдар бойы күткен жаңа асфальты тура қар мен судың үстіне төселіп жатыр. Мұны көріп жаға ұстаған тұрғындар бейнетаспаға түсіріп, ғаламторға орналастырған.

  • 8 Қараша 2012
  • 326
Фото - Caravan.kz

Шұрық-тесік жолдан әбден мезі болған степногорлықтар бұған дейін де бірнеше рет наразылық шарасын ұйымдастырған. Моноқалаларды дамыту бағдарламасына іліккен соң жұрт тынышталған еді. Ол бойынша Степногор ішіндегі жолдарын ретке келтіруге биыл 377 млн теңге қарастырылған. Бірақ, сол қаражатқа жаңбырлы күні шалшықтың үстіне асфальт төсеп жатқан мердігер компанияның әрекетін көріп, тұрғындар шыдап тұра алмады. Камераға түсіріп, ғаламторға жіберген. Құрылысшылар қала әкімдігінің қақ алдын осылай асфальттап жатса, басқа жолдардың сапасы қандай болады? -дейді. Мамандар да, шалшық түгілі дымқыл жерге асфальт төсеуге болмайтынын айтады.


Александр Волков, «Ақмолажол зертханасы» ММ инженері:

— Жаңбырлы күні асфальт төсеуге мүлдем болмайды. Жол құрылысы технологиясы бойынша рұқсат жоқ! Бұл дегеніңіз лай сумен араласқаннан кейін асфальт бұзылып, үгітіледі деген сөз. Бір жылға жетпей жаңа тас жол қайтадан опырыла бастайды.

Соңғы жаңалықтар