«Стоп-трафик» шарасының барысында 95 адамды тәртіп сақшыларының құрығына ілінді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Стоп-трафик» шарасының барысында 95 адамды тәртіп сақшыларының құрығына ілінді

«Стоп-трафик» шарасының барысында 95 адамды тәртіп сақшыларының құрығына ілінді

Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері «Стоп-трафик» жедел-сауықтыру шарасының барысында 95 адамды ұстады.

  • 31 Мамыр 2011
  • 391
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін осы мәселеге байланысты қалалық Ішкі істер департаментінде өткен брифингте мәлім болды.

Ұсталған азаматтардың 84-і ақылы түрде интимді қызмет көрсетумен айналысып жүрген. Олардың 32-і арнайы есепке қойылды. Департаментке жеткізілген азаматтардың барлығы да ішкі істер саласы бойынша тексерулерден өтіп, «Бейне+» есебінің тізіміне енгізілді. Ал қалалық қабылдап-жайғастыру орнына 9 қыз орналастырылды. Олардың 6-уы Қазақстан азаматшалары, ал өзгелері Өзбекстаннан келген.

Ескерте кетейік, «Стоп -трафик» жедел сауықтыру шарасы притондардың қызметіне тосқауыл қойып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу, адам трафигіне алып келетін қылмыс түрлерінің қылмыстармен күрес сияқты әрекеттердің алдын алуға бағытталған. Шара елордада 23- 27 мамыр аралығында өткізілді. Тәртіп сақшылары Астанадағы сауналарды тексеріп, қаланың 3 тұрғынын ұстады. Олар сауна қызметін пайдаланушыларға қыздар тауып беріп, осы қызметі үшін мол пайдаға кенеліп жүрген. Осы әрекет бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар