Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Келіссөздер барысында тараптар стратегиялық жоспарлау және болжау саласында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, қазақстандық дипломат жақында құрылған Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің негізгі міндеттері мен функциялары туралы хабардар етті. Өз кезегінде К.Стэникэ Румынияның экономиканы жоспарлау және болжау тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен бірге, келіссөздердің жеке тақырыбы COVID-19 пандемиясын ескере отырып, әлемдік экономиканың жағдайы мен даму перспективаларын талқылау болды.
Келіссөздер нәтижесінде жоғарыда аталған ведомстволар арасындағы қатынастарды дамыту мақсатында жақын уақытта бейнеконференция форматында кездесу өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.