«10-пайыздық дисконт жайлы мәселе қазір талқыланып жатыр. Жалғыз белгілісі, кепілдікке кез-келген жылжымайтын мүлік қойылған активтер сатып алынады. Олар тұрғын үй, коммерциялық жылжымайтын мүлік, немесе, жер болуы мүмкін», -деді ол.
«10% — баланстық құннан есептеледі», -деді Е.Бахмутова.
«Негізінен күмәнді санаттағы несиелер сатып алынады деп жорамал жасап отырмыз. Күмәнділігі жағынан төртінші-бесінші санаттағы несиелер. Стандартты немесе мүлдем үмітсіз несиелер жайлы сөз болып отырған жоқ. Стресс жағдайындағы, қызмет көрсетіліп жатқан несиелер туралы айтып отырмыз «,- деді агенттік төрайымы.
Е.Бахмутованың мәліметінше, қазір Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің несиелік қорыжынында үмітсіз несиелер 3,3% құрайды. «Жалпы алғанда, несиелік портфель 9,1 трлн теңгеге тең. Осы көлемнің 3,3% — үмітсіз несиелер», — деді Е. Бахмутова.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Стресс активтерінің қоры банктерден проблемалы активтерді дисконтпен сатып алады. Бұл туралы еліміздің үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін сенаторлар алдында сөйлеген сөзінде мәлім етті.
«1 қарашада үкімет ағымдағы капиталы 52 млрд теңгемен Стресс активтерінің қорын құруға шешім қабылдады. Қор белгілі бір активтер түрін банктерден бастапқы құнына емес, белгіленген дисконтпен мейлінше консервативті бағаға сатып алады. Бұл өз кезегінде банктерге босаған қаржыны экономиканы несиелендіруге жұмсауға мүмкіндік береді», — деді Кәрім Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті