Жарияланды: 640

Су астында 10 минуттан астам қалған павлодарлық қыз бала түзеліп келеді

Ертіс суының астында 10 минуттан астам болған Павлодарлық 15 жасар Наталья Давкинаның денсаулығы түзеліп келеді, деп қалалық ауруханадан хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, ол қыз үш тәуліктей ессіз, комада жатып, жасанды тыныс алу жүйесіне қосылып қойылыпты. «Қыз бала тәуір болып келеді, оны жақында терапевтік бөлімге ауыстырады. Менің тәжірибемде мұндай оқиға тұңғыш рет орын алып отыр», - деді жалпы невралогия бөлімінің меңгерушісі Сәуле Мұқатова. Н. Давкина қазір жан сақтау бөлімінен сол бөлімге ауыстырылыпты. Зардап шеккен қыз болса, болған оқиға туралы ешнәрсе білмейді және ол туралы таныстарынан естіп білуде. Бұрын хабарланғандай, 12-ші маусымда Наталья қаладағы орталық жағажайда суға батқан. Ол туралы хабар берілген соң, он минут өткенде оны Павлодар облыстық ТЖД судан құтқару қызметі судан алып шыққан. Қызға алғашқы жан шақыру-реанимациялық процедураларды сол жерде кездейсоқ болып қалған облыстық онкологиялық аурухананың реаниатолог дәрігері Нұрлан Рахмето көрсетіпті. Кейін белгілі болғандай, қыз бала «Абайлаңыз, шұңқыр!» деген ескертуді ескермей, қауіпті жерде шомылып, 11 метрлік шұңқырға түсіп кеткен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін