Су басу қаупі бар: Көлсайға апаратын жолдар жабылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су басу қаупі бар: Көлсайға апаратын жолдар жабылып жатыр

Су басу қаупі бар: Көлсайға апаратын жолдар жабылып жатыр

Топырақ көшкіні Көлсай өзені аңғарын жауып тастаса, осы аймақты су басуы ықтимал.  Мамандар соңғы 50 жылда Қазақстанда мұндай апат болмаған дейді.

  • 24 Сәуiр 2018
  • 144
Фото - Caravan.kz

“Тау топырағы өзеннің арнасын жауып тастауы мүмкін. Ал өзен суы басқа жолдармен ағуы да ықтимал. Содан топырақ массасы өзен суымен шайылады. Біз су өткізуді эвакуациялық канал арқылы қамтамасыз етсек дейміз. Бұл орайда жарылыс жұмыстары қолданылуы мүмкін”, – дейді ҚР ІІМ вице-министрі дейді Юрий Ильин.

Көлсайдағы лай көшкіні: Тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ

Қазір оқиға орнында жергілікті билік өкілдері, күштік құрылымдар мен құтқарушылар жүр. Олар тау бөктерлерін жан-жақты зерттеп,  апаттың алдын алуға тырысуда. Қазірдің өзінде опырылған жердің ұзындығы 1700 метр, ені  900 метрге дейін жеткен. Топырақ көшкінінің көлемі 50 млн. текше метрді құрап отыр.Тау топырағы Көлсай өзенінің аңғарына қарай бағыт алған. Құтқарушылар көшкінді екі аймаққа:оңтүстік және солтүстік деп бөліпті. Көлсай өзені арнасына жақындаған оңтүстік аймақта тау жыныстары біршама баяу жылжып келеді екен.

Солтүстік аймақта көшкін өзенге жету үшін небәры 60 метр қалған. Осыған байланысты оқиға орнында тəулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Төменгі Көлсай көлдеріне апаратын жолдар жабылды. Тау массасының қозғалысы сағат сайын бақыланып, бұл аймаққа қажетті техника жұмылдырылды. Еске салсақ, 19 сәуірде Алматы облысына қарасты Кеген ауданы, Саты ауылында тау жылжып, сол маңдағы малшының үйін басып қала жаздаған. Алайда, ондағы тұрғындар дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді.


Оқи отырыңыз:

Қуандық Бишімбаев абақтыда араб тілін үйреніп жатыр

 

 

 

Соңғы жаңалықтар