"Су ми, байғұстар": Мұғалімдерді тілдеген ата-анаға айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Су ми, байғұстар": Мұғалімдерді тілдеген ата-анаға айыппұл салынды

"Су ми, байғұстар": Мұғалімдерді тілдеген ата-анаға айыппұл салынды

Су ми, байғұстар!

  • 27 Қараша 2020
  • 47
Фото - Caravan.kz


Ақтөбеде оқушының анасы мектеп мұғалімдерінің ар-намысына тиетін ауыр сөздер айтқан. Сондай — ақ келіншек бүтін бір мектептің бес бірдей ұстазына талап қойып, қорқытыпты. Жергілікті тұрғын педагогтарды неге тілдеген? Сөз естіген ұстаздардың өздері не дейді?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Оқушының анасынан балағат естіген 5 мұғалімнің бірі – Мерейбек Ідіріс. М.Арын атындағы орта мектепте физика мен математикадан сабақ береді. Айқау-шу тоқсандық бағадан шыққанын айтады. Үлгерімі жақсы оқушы онлайн сабақ кезінде жиынтық бақылаудан орташа нәтиже көрсетіп, үшке шығыпты.  Анасына бұл ұнамай қалған. Ашуға мінген ол баласын төмен бағалаған әр пәннің мұғаліміне былапыт сөз айтады.

МЕРЕЙБЕК ІДІРІС, М.АРЫН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ: «Су ми, байғұс деген сөздер айтқан болатын. Біздер ата-ананы мектепке шақыртып, қалай баға қойдық, жұмыстардың бәрін көрсеттік , комиссия құрылды өйткені. Айтқан сөздерін мойындамады. Бірақ, экспертиза жасалды сөзге, айтылған сөздердің растығын балағат екендігіне Қ.Жұбанов атындағы университеттен сарапшы келіп дәлелдеп берді».

Қарамағындағы ұстаздарына балағат айтқан тұрғынды мектеп директоры да қабылдап, әңгімелескен. Кейін сөз естіп, жер болған ұстаздар мұғалім мәртебесі туралы заңды алға тартып, өздерінің құқығын қорғауды сұрап, тиісті орынға шағым түсіріпті.

БҰЛБҰЛ КҮЗЕМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Ол шағымда осы мұғалімдерге қатысты ата-ананың тарапынан баласына жоғары баға қою, яғни бес бағасын қоюды талап ету, соған байланысты егер осы бағаны қоймаған жағдайда бұл мектепте жұмыс жасай алмайсыңдар деген қорқыту әңгімелерін айту. Бұл фактілер дәлелденді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабына сәйкес, әкімшілік іс қозғап, хаттама толтырып, қаулы арқылы ата-анаға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды».

Сөз естіген ұстаздардың боқтампаз әйелмен қарым-қатынасы түзелген. Оқушы да сабаққа белсенді қатысатынын айтты.

Ұстаздар өз құқықтарын білетін дәрежеде. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіндегілер мұғалімдер шағымдарын бүкпесіз, жасырмай айта алатынын мәлімдеді. Мысалы, жөндеу жұмысына салып қоятын мектеп директорларының үстінен арызданғандар да болған. Жыл басынан бері ұстаздардан 80 арыз түскен. »

Соңғы жаңалықтар