Жарияланды: 920

Су шайып кетті: Желіде Алматы облысының Тұйық аулындағы жағдай туралы видео тарады

Су шайып кетті: Желіде Алматы облысының Тұйық аулындағы жағдай туралы видео тарады

Алматы облысындағы ауылдардың бірінде қатты жауыннан соң аула, көшелерді су шайып кеткен.

Бұл туралы видеоны журналист  Диас Нұрақын желіге жүктеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.  

"Нөсер жауын Кеген ауданындағы Тұйық ауылын да талқандап өтіпті", деп жазды ол.

Ал ҚазАқпараттың хабарлауынша , кеше басталған жауын салдарынан су Түменбай ауылындағы 1 үйді және 11 үйдің ауласын шайып кеткен. Адамдар зардап шекпеген.  

Қазір келтірілген шығын көлемі есептелуде.

 

 

 

Posted by Диас Нұрақын on Thursday, June 23, 2022

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін