Қызылорда қаласындағы гидробайланыс мекемесі кеңсенінің мына бір бөлігін алып жатқан жеке мұражайға еліміздегі су шаруашылығына қатысты тың деректер қойылған. Меделхан ақсақал гидротехник болып қызметке кіріскелі бері Арал теңізінің төрт жүз жылдық хронологиясынан бастап, біздің заманымызға дейінгі өзен-көлдер туралы жәдігерлерді жинапты.Су шаруашылығы саласын зерттеушілер іздегенін мұрағаттардан емес осы жерден табады екен. Бірақ қазір бұл орын шенеуніктерге керек емес болып отыр. Қария жергілікті әкім-қаралардан бастап, Су ресурстары жөніндегі комитетіне дейін өтініш білдіріпті. Бірақ бірде-бірінен тұщымды жауап ала алмаған.Өңірдегі Мәдениет басқармасы болса жәдігерлерді Өлкетану мұражайының қоймасына сақтауға ғана келісім беріпті. Бірақ қанша жыл тер төгіп жинаған дүниелерінің шаң басып жатқанын ақсақал қаламайды.
Мәделхан Нәліпбаев, ҚР еңбек сіңірген гидротехник
— Он шақты жылдан бері бұл өзінің шешімін таппай келе жатыр. Сол себептен көзімнің тірісінде осыны мемлекеттің меншігіне өткізсем деген. Келешек ұрпақтар пайдаланса осыны, игерсе деген арманым бар.