Су тасқыны - киіктің қарғысы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су тасқыны - киіктің қарғысы

Су тасқыны - киіктің қарғысы

Жарты миллионнан астам киіктің қанын жуған 5 өңір: Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Бетпақдала. Осы аймақтарда су тасқыны қаншалықты?

  • 3 Сәуiр
  • 67
Фото: ашық дереккөз

Caravan.kz медиа порталы су тасқыны мен киіктердің жаппай атылуы арасындағы байланыс жайлы жазады.

Ел болып ара түсе алмадық қынадай қырғанда. Ол ғана ма, киіктің үйірге түсетін шағында да тоқтамай жұптасып тұрған жерінен атты. Киіктерді үйірге түсуге дайындалған кезінен 6 қазаннан бастап атып, 10 ақпанға дейін 4 ай атып, қанын судай ағызды. Басындағы мүйізін алып, денесін далаға ішек-қарнын ашып шашып кетті. Жұрт бір-бір жапырақ етін алып бөліп жеп алды. Көздерінен саулаған зарлы жасқа алақанын тосқан дала, сол жасты мұз қып сақтап қойып енді ерітіп жіберді. Бір тамшысы мың тамшыға айналды да, шайқап кетті талай шаңырақты.

Иттің иесі болса, киіктің киесі бар.

Бірінші әдіспен, күндіз қоршап атып ең, ауылыңды-ауданыңды су қоршады. 

Бірінші әдіспен ата бастағанда, Тәңірі қарсы тұрып тұман түсіріп, жауын құйдырып бөгет болды.

Ақыры, екінші әдіске көштің. 

Екінші әдіспен, ұйықтап жатқан жерінен түнде баспалап келіп атып ең. Ұйықтап жатқанда үйіңе су кіргенін сезіп қашып шықтың. 

Әй, адамдар!

«Қарапайым халықтың кінәсі жоқ қой. Солар ғой зардап шегіп жатқан» депсіз бір апайым. Ел болып атты. Елге апат келді. Ел болып қарсы тұрмады. Атқандардың бәрі қарапайым халық, әскерлер емес. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев: «Киіктер ауыл шаруашылығына 12 миллиард шығын келтірді» деп еді. Дәл қазіргі елдің шығыны қанша? Кімнің есептеуге әл-дәрмені жетеді? Киікті атқанша, шалқар-салқар шектеу торын жайып киіктерді басқа өріске бұруға болады ғой? Ондай торға, қазыққа, қағуға 12 миллиард теңге кетпейтіні анық. 

Киіктің мүйізіне зәру жалғыз ел Қытай. Оның мүйізінің құнының қаншалықты қымбат екенін, содан жасалған дәрі-дәрмектің маңыздылығынан білесің. Біздің киіктің мүйіздері қайда жіберілді? Осы сауда қызықтырып кетпеді ме? Бір мүйіз теріп алғаны үшін адамдар сотталып жатқанда, неше жүз мың мүйізді далаға тастамаған болар?»- деп жазды Көкбөрі Мүбарак өзінің парақшасында. 

Соңғы жаңалықтар