Су тасқынынан кейін 5,8 мыңнан астам отбасы 369 мың теңгеден алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.03
  • 480.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су тасқынынан кейін 5,8 мыңнан астам отбасы 369 мың теңгеден алды

Су тасқынынан кейін 5,8 мыңнан астам отбасы 369 мың теңгеден алды

33 отбасыға қираған үйдің орнына жаңа баспана және пәтерлер берілді

  • 18 Сәуiр
  • 28
© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өту

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Су тасқынынан кейін 5,8 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдау алды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Бүгінде арнайы құрылған өңірлік комиссияларға Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарының тұрғындарынан 13 577 өтініш келіп түскен.

«5 803 отбасы 100 АЕК немесе 369 200 теңге көлемінде жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам біржолғы төлем алды. 877 отбасыға келтірілген материалдық шығын үшін жалпы сомасы 380 млн теңге өтемақы төленді. Мал шығыны үшін берілген өтемақының жалпы сомасы 38,9 млн теңгеге жетті», — делінген хабарламада.

18 сәуірдегі жағдай бойынша зардап шеккен өңірлерде 2602 тұрғын үй тексеріліп, олардың 1499-ына бағалау жүргізілді. Нәтижесінде 794 үй жөндеуге келетіні, 701 баспананың қалпына келтіруге жарамсыз екені анықталды.

Қазіргі уақытта 197 отбасыға баспаналарын жөндеу үшін жалпы сомасы 218,6 млн теңге өтемақы төленді. 33 отбасыға қираған үйдің орнына жаңа баспана және пәтерлер берілді.

Павлодар, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында тұрғын үйлердің құрылысы басталды.

Соңғы жаңалықтар