"Субсидиялар саланың ірі ойыншыларының табыс көзіне айналмауы керек": Премьер-Министр егіс науқанына байланысты бірқатар тапсырмалар берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Субсидиялар саланың ірі ойыншыларының табыс көзіне айналмауы керек": Премьер-Министр егіс науқанына байланысты бірқатар тапсырмалар берді

"Субсидиялар саланың ірі ойыншыларының табыс көзіне айналмауы керек": Премьер-Министр егіс науқанына байланысты бірқатар тапсырмалар берді

"Субсидиялар саланың ірі ойыншыларының табыс көзіне айналмауы керек": Премьер-Министр егіс науқанына байланысты бірқатар тапсырмалар берді

  • 10 Мамыр
  • 15
Фото: ҚР Үкіметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Энергетика министрлігінің деректері бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атына жөнелту басым негізде жүзеге асырылады және тұрақты бақылауда болады.

Көктемгі егіс жұмыстарын қамтамасыз ету үшін Үкімет 140 млрд теңге бөлді. Форвардтық сатып алу бағдарламасына 40 млрд теңге көзделген. Осыған байланысты Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, егіс науқанын дер кезінде сапалы жүргізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. АШТӨ тиімді субсидиялауға ерекше назар аудару тапсырылды.

«Субсидияларды бөлу бойынша барлық құқықтар әкімдіктерге берілгендіктен, Сізге, Айдарбек Сейпілұлы, әкімдермен бірлесіп, шаруаларға тиесілі субсидияларды әділетті және тиімді бөлу мәселесін қатаң бақылауға алу қажет. Қаржы осы саладағы ірі ойыншылардың табыс көзіне емес, ауыл тұрғындарының мүмкіндіктерін кеңейтіп, шығарылатын өнім көлемін арттыруға ықпал етуі тиіс», — деді Олжас Бектенов.

Облыстардың әкімдіктеріне шағын және орта деңгейдегі қожалықтарға назар аударып, шаруалардың барынша ауқымды бөлігін қамту тапсырылды.

Премьер-Министр ауа райының ұзақ мерзімді болжамын ескере отырып, егіс жұмыстарын дұрыс жоспарлауға назар аударды.

Республиканың оңтүстік өңірлерін, оның ішінде ұзақ мерзімді перспективада суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар Үкіметтің ерекше бақылауында.

«Оңтүстік үшін сумен қамтамасыз ету мәселесі маңызды. Жамбыл облысында былтырғыдай жағдай қайталанбауы тиіс. Су ресурстары және ирригация министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, еліміздің оңтүстік өңірлерінде, оның ішінде ұзақ мерзімді перспективада суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Отандық зауыттарда тыңайтқыштардың жетіспеуі себебінен ауыл шаруашылығы өндірушілерінен келіп түскен шағымдар аясында Үкімет басшысы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сұранысқа ие тыңайтқыштар өндірісінің көлемін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Әкімдіктер тыңайтқыштар мен жеңілдікті дизель отынын жөнелтуді жеделдетуі қажет.

Фитосанитариялық жағдай бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, шегірткелердің таралу орындарын анықтауға қосымша ресурстарды жұмылдыру және өңдеу жұмыстарын бақылауға алу тапсырылды. Республикалық бюджеттен табын шегіртке зиянкестерімен күресуге биыл 8,1 млрд теңге бөлінді.

«Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу бойынша барлық мәселелер жедел шешімін тауып, тұрақты бақылауда болуы тиіс. Туындаған мәселелерді Жедел штаб жұмысы аясында шешу қажет», — деп тапсырды Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар