Жарияланды: 20

«Сүйетін сегіз әйел» спектаклінің премьерасы көрерменге жол тартады

«Сүйетін сегіз әйел» спектаклінің премьерасы көрерменге жол тартады

Еліміздің аты аңызға айналған театры өзінің 75-ші мерейтойлық маусымын француз драматургі Роберт Томның пьесасы бойынша қойылған «Сүйетін сегіз әйел» спектаклінің премьерасымен ашады.

Қойылымға қазақстандық сахна жұлдыздары тартылған. Спектакль Францияның Алматыдағы Бас консулдығының қолдаумен өтеді.

Спектакльді біздің театр кездейсоқ таңдаған жоқ - біріншіден, ол ерте кезде жазылғанына қарамастан театрлар арасында өте танымал (пьеса 1958 жылы жазылған), екіншіден, ол сәттілік формуласы мен комедия, детектив және драма жанрларын біріктіре білген. Том әйел кейіпкеріне қатысты эксклюзивті энциклопедияны ойлап тапты

Сюжет бойынша, Рождество мерекесі кезінде бүкіл бір отбасы қар құрсауында қалған виллаға жиналады. Бірақ мереке болмай қалады. Үйдің аса сыйлы қожайыны өлтірілген! Әрине, кісі өлтіруші – қожайынға ең жақын болған сегіз әйелдің бірі. Туыстары тергеу жүргізеді және олардың әрқайсысының осы бір ерекше қылмысты жасаған болуы мүмкін екені анықталады ...

Дегенмен жәбірленуші, өкінішке орай, періштедей бейкүнә емес, жас ханымдар мен құрметті ханымдардың басын айналдыра білген. Сонымен қатар, «үйдегі» тергеу жүргізу кезінде үй иесінің және оның «сүйікті» әйелдерінің өмірінен көптеген күтпеген тіпті ұнамсыз деректер анықталады.

Спектакль басқа қойылымдардан режиссер Владимир Крыловтың туындының соңын күтпеген оқиғамен аяқтайтындығымен ерекшеленеді! Ал сізде қандай финал болады?

Режиссердің тапқырлығы мен жетекші театр актрисаларының тамаша ойыны арқасында қойылым ерлер үшін де, әйелдерге де қызықты болады. Өйткені оның негізгі орталығы ер адам болатын аталған детективтік әңгіме біздің көрерменге әйелдердің құмарлықтары, сезімдері, тілектері мен құпиялары арқылы жеткізілетін болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін