Жарияланды: 90

«Сұм ажал менен сені алып кетті»: Гүлзира Айдарбекованың анасы қайтыс болды

«Сұм ажал менен сені алып кетті»: Гүлзира Айдарбекованың анасы қайтыс болды Сурет - Stan.kz

Продюсер Гүлзира Айдарбекова анасынан айырылды.

Кеше продюсер Гүлзира Айдарбекова қапыда анасынан айырылып қалды, деп жазады Stan.kz.

Анасының қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды естіген Айдарбекова  бірден Түркістанға аттанды. Ол үшін Алматы мен Түркістан арасында жол бұл жолы өте ұзақ болды. Айдарбекованың көзі ғана емес, жүрегі жасқа толды. Анасын ақтық сапарға аттандыруға шыққан продюсер ол туралы жантебірентерлік жазба қалдырды.

«Анашым, мен сені жақсы көрем! Ішім күйіп барады, сұм ажал менен сені алып кетті. Жаның жәнәтта болсын анашым! Маматайым менің! Алматы мен Түркістан қалай алыс еді, қанша жел ұшырғандай ұйытқытып бара жатсам да жете алар еместеймін. Әшейінде өтіп кететін уақыт та өтпей тұрғандай, әрбір минутым жылға созылғандай саған бара жатырмын. Анашым таң атқанша жолмен жетіп Алла амандығын берсе, маңлайыңнан бір иіскеп, ақтық сапарыңа шығарып салармын. Сіздердің дұға-тілектеріңіз талай жамандықтан сақтаушы еді, анашыма жәннәтты тілеңіздерші...Жаным анашым, қиналдың ба екен, мына біздерді қия алмай кеттің ба екен»,- деп жазды Айдарбекова.

«Сұм ажал менен сені алып кетті»: Гүлзира Айдарбекованың анасы қайтыс болды

Гүлзира Айдарбекованың бұл қайғысын естіген желі қолданушылары оның қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. 

«Ананың орны ерекше. Алла жұмақтан ерекше орнын беруді нәсіп етсін. Мыкты бол! Берік бол!  Анаңыздың жаны жәннатта болсын иншАллаһ! Жәннаттық болсын! Иманы саламат болсын! Жаны жәннатта болсын анашыңыздың»,- деп көңіл айтуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін