Суретші қыз Джеки Чанға ерекше сый жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Суретші қыз Джеки Чанға ерекше сый жасады

Суретші қыз Джеки Чанға ерекше сый жасады

Малайзиялық суретші қыз сүйікті әртісі Джеки Чанға ерекше сый жасады. Ол актердің суретін әдеттегі бояумен емес, шағын таяқшаның көмегімен салған, деп жазды Day.Az.

  • 15 Сәуiр 2014
  • 584
Фото - Caravan.kz

Хонг Йи есімді бойжеткен сурет өнеріне алғаш қадам басқанда картиналарын бояумен салған. Кейін  суретті түрлі әдіспен салуды  үйренеді.  Оның ішінде таяқшамен салған суреттері сәтті шыға бастады.

Осылайша, жас суретші өнерімен тәнті еткен сүйікті әртісіне сый жасауды көздеген. Ол үшін 64 000 дана таяқшанының көмегіне жүгінген екен. Ал аталған таяқтарды жинауға бір ай уақыт кеткенін де айта кету керек. Ең қызығы, ол таяқшалар бұған дейін пайдаланылған болып шықты.

Соған қарамастан, суретші діттегініне жетті. Ол актердің 60 жылдығына арнаған сыйын  Бейжіңде өткен қайрымдылық кешінде табыстады.


02

03

04

05