"Сүт қоспасы мен киімін тегін беремін": Жаңа туған шақалақты сатпақ болған адам іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сүт қоспасы мен киімін тегін беремін": Жаңа туған шақалақты сатпақ болған адам іздестірілуде

"Сүт қоспасы мен киімін тегін беремін": Жаңа туған шақалақты сатпақ болған адам іздестірілуде

 

  • 28 Қараша 2019
  • 39
Фото - Caravan.kz

АҚШ-тың Флорида штатының полиция қызметкерлері сайтта жаңа туған сәбиін 500 долларға сатпақшы болып, хабарландыру берген тұрғынды іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жаңа туған нәресте сатылады. Бағасы 500 доллар. Балаға екі апта болды. Түнде тыныш ұйықтайды, ешкімнің мазасын алмайды. Балаға сүт қоспасы мен киім-кешегі қоса беріледі. Бұған қоса сәбидің 4 жасар әпкесін бере аламыз", — делініпті 22 қараша күні жарық көрген хабарламада.

Бұған қоса хабарландырудың авторы өзін "бала тәрбиелегісі келмеген үшін жазаланғысы келмейтіндігін" жеткізіпті.

Қазіргі кезде бұл хабарландыру интернеттен өшірілген. Полиция қызметкерлері оның авторын іздестіріп, тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Іске қатысы бар деген күдікпен бір әйел тергеуге алынған, алайда ол кінәсін мойындамапты.


Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар хабарламаның IP мекен-жайы бойынша интернетке жазба қалдырған адамды табуды жоспарлауда. Сөздерінше, ол адам өзін "тыныш әрі ауқатты ауданда" тұратындығын жеткізген.

Соңғы жаңалықтар