Светлана Подобедова Хьюстон қоласын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Светлана Подобедова Хьюстон қоласын алды

Светлана Подобедова Хьюстон қоласын алды

 

  • 13 Маусым 2016
  • 364
Фото - Caravan.kz

Лондон олимпиадасының чемпионы Светлана Подобедова 2015 жылы Хьюстондағы әлем чемпионатының қола медалін ресми түрде алды, деп хабарлайды alaman.kz.

75 келіде қола алған ресейлік Ольга Зубова Халықаралық ауыр атлетика федерациясы тарапынан ресми түрде допинг қолданды деп айыпталып, сегіз жылға спорттан шеттетілді. Зубова осыған дейін бір рет допинг дауына ілініп, екі жыл спорттан кеткен.

12 маусымда IWF Подобедованы ресми түрде қола жүлдегер деп таныды. Ол 2009 және 2010 жылы өткен әлем чемпионатында алтын, 2011 жылы күміс медаль алған. 2012 жылы Лондон олимпиадасының чемпионы атанған.


ПОДОБЕДОВА

Қазақстан Хьюстондағы әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс, бір қола медаль алған. Алайда күміс пен қола иеленген Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев «допинг қолданды» деген айыппен уақытша жарыстардан шеттетілген. Оларға қатысты нақты шешім әлі шыққан жоқ. Бірақ қос спортшы Рио олимпиадасына қатыспайды.

Соңғы жаңалықтар