«Прокурорлық тексерістер көрсетіп отырғандай, барлық заң бұзушылықтардың басты себебі — мекемелік бақылау сапасының төмендігі және жоғары көрсеткіштерге ұмтылыс болып отыр», — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Отырыста аталып көрсетілгендей, құқық қорғау органдарының қызметінде тергеу жүргізгенге дейінгі тексеріс сапасының төмендігі, шұғыл шараларды іске асыру және қылмыстық істі қозғау кезінде заңның сақталмауы, қылмыстық істерді тергеу кезінде сапаның төмендігі және түлкі бұлаңға салу орын алып отыр. «Соның нәтижесінде қылмыстық істер қосымша тексеруге қайтарылып, соттар кінәлі адамдарды ақтап, азаматтардың конституциялық құқықтары тапталып, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тіркеуден жасырып, заңсыз екенін біле тұра әрқилы негіздемеде қылмыстық істерді тоқтату туралы шешімдер шығарылып жатады».
Осыған байланысты қылмыстық тергеу органдарының басшылығына елде сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге бағытталған шаралар кешенін қабылдау тапсырылды. Бұл жерде пара алу, бюджет қаражатын жымқыру және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын өздерінің арасында болдырмауға көңіл аударылуы тиіс.
Алқа өкілдері сыбайлас жемқорлық қылмыстарын дер кезінде анықтау және оның алдын алуды қамтамасыз етуге, жедел жұмыс қарқынын арттыруға, тергеу амалдарын жетілдіру бойынша шаралар қабылдауға бағытталған барлық қылмыстық тергеу органдарының ынта-жігерін біріктіру қажеттілігі атап көрсетілді. Сондай-ақ, алқа отырысында сұранысты арттырып, жауапкершілікті күшейтіп, мекемелік бақылауды прокурорлық қадағалауды қатаңдатып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын жасау және оны іске асыру қажеттілігі атап көрсетілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті