Сылбыр әкімдік термомодернизациядан сырт қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сылбыр әкімдік термомодернизациядан сырт қалдырды

Сылбыр әкімдік термомодернизациядан сырт қалдырды

Қызылорда облысындағы Төретам ауылының басшылары тұрғынүйлерді мемлекеттік жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға құлықсыз. Елді-мекендегі айналдырған көпқабатты 12 үйдің барлығы су мен жылусыз отыр. Жиырма жылдан астам жөндеу көрмей, құлағалы тұрған үй тұрғындары термомодернизация бойынша шаңырықтарын қалпына келтіруге үміттенген еді. Бірақ құжат жинап сабылғандарымен, әкімдіктегілерден әзірге қолдау таппады.

  • 30 Тамыз 2013
  • 455
Фото - Caravan.kz

Осыдан үш жыл бұрын тұрғынүйлер мемлекеттік бағдарлама бойынша жөндеуден өтеді дегенді естігенде, қалпақтарын көкке атып қуанғандардың бірі осы Төретам ауылының тұрғандары болатын. Себебі, 20 жылдан бері жөндеу көрмеген үйлерінің төбесі тесіліп, қабырғалары да сетіней бастаған. Ал су мен жылу жүйесі мүлдем істен шығыпты. Сондықтан тіршілік көзін көрші орналасқан жер үйлерден жалынып сұрап алады.

Базаргүл Әбдіқадырова, Төретам ауылының тұрғыны:

— Төбемізден су ағады. Оны оңдаймыз. Үкімет оңдайын деп жатыр құжаттарды  тапсырып  өткізіңдер деді отбаы  басына. Біз өткіздікі. Енді ешқандай хабар жоқ. Ұмыт қалғанбыз. Біздің жағдайымызды ойлап жатқан ешкімді көрген жоқпыз.

Жылусыз қалған мұндағы жұрт терезелерінен мұржа шығарып, қыста пәтерлерінде от жағады. Жыл сайын иіс тиіп уланса да, басқа амалдары жоқ.

Тұрсынгүл Сахиева, Төретам ауылының тұрғыны:

— От жағудан қорықпай не? Былтыр мен өзім, кішкентай бала бар немерем, ағам бар үйде бәріміз иіс тиіп өліп қала жаздадық осы оттың кесірінен. Жел болса отын тартады. Жазда рахат өмір сүреміз. Қыста біз өзіміз қиналып бүгін бармыз ба, ертең жоқпыз ба деп қиналамыз.

Төретам қыстағындағы санаулы көпқабатты үйдің су жүйесі істен шыққалы бар тұрғындар ауланың қақ ортасынан мынандай әжетханалар салып алған. Ал елді-мекенде тазалықпен айналысатын коммуналдық мекеменің жоқтығынан қоқыстың шашылып жатқан жайы міне осындай.


Жақында ғана қызметіне қайта сайланғанәкім биыл да мемлекеттік бағдарламаға үміт артудың қажеті жоқтығын кесіп айтты. Өйткені екі жыл бойы жинаған құжаттарды реттеп болмаған.

Мырзабек Демесінов, Төретам ауылының әкімі:

— Биылдыққа белгісіз. Біз қазіргі таңда тоқтаусыз құжаттарды жинап жатырмыз. Менде он екі үй бар. Біреу екі қабатты, біреуі үш қабатты, біреуі бес қабатты Оларды жөндеу үшін халықтың келісімі толық болмай біз істей алмаймыз.

Жарнамасы жер жарған мемлекеттік жаңғырту бағдарламасына төретамдықтардың енді сенгісі жоқ. Құжатты сылтау етіп құлықсыздық танытқан шенеуніктердің кесірінен енді тағы бір қыста қиналуларына тура келеді.