«Бүгін біз өз сарапшыларымыз дайындаған екі келісімнің жобасын жұмыс бабында талқыладық, бұл келісімдер түпкілікті мақұлданады дегенге сенгіміз келеді»,- деді ҚР ауылшаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев. «Елдер арасында жоғары ұйымдастырушылықтың болғанын, елдер мен су құрылымдары арасында өзара жақын ынтымақтастықтың болғанын қалар едік»,- деді ол.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдерінің кездесуінде атап көрсетілгеніндей, биылғы жылы су тапшы болмақ. «Күн райын бақылаушылардың болжамына сенсек, су ресурстарының тапшылығы 11 — 15%» құрамақ»,- деді «Сырдария» бассейндік су шаруашылығы бірлістігінің басшысы Махмуд Хамитов.
«Сол себепті біз бірлесе отырып суды тиімді жұмсау жоспарын жасап, су тапшылығын елдердің арасында тепе-тең бөлісуге тиіспіз»,- деді ол.
Оңтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы департаментінің мәліметіне сәйкес, облыстағы суармалы алқаптарды сумен қамтамасыз ету үшін жылына 4,5 млн текше метр су қажет. «Егер тіпті судың 15 проценті болмаған күннің өзінде бізге кейбірулерді тізімнен шығарып, кейбір алқаптарды сусыз қалдыруға мәжбүрміз. Осы іс әділетті әрі обьективті болуы үшін Орталық Азия елдерінің бәрі де бірдей мөлшерде судан қағылуға тиіс»,- деді А.Рябцев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті