Сыртқы экономикалық іс-қызметке қатысушылардың кедендік мекемелердің үстінен түсірген шағымдары бойынша соттар еліміз кедендерінің басым көпшілігінің есепшотын тұтқындады -Кедендік брокерлер қауымдастығы - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сыртқы экономикалық іс-қызметке қатысушылардың кедендік мекемелердің үстінен түсірген шағымдары бойынша соттар еліміз кедендерінің басым көпшілігінің есепшотын тұтқындады -Кедендік брокерлер қауымдастығы

Сыртқы экономикалық іс-қызметке қатысушылардың кедендік мекемелердің үстінен түсірген шағымдары бойынша соттар еліміз кедендерінің басым көпшілігінің есепшотын тұтқындады -Кедендік брокерлер қауымдастығы

Қазіргі жағдаймен Республикамыздағы небәрі 2 кедендік басқармасының ғана банктегі есешоттарын пайдалану құқығы шектелген жоқ. Ал қалған кедендік мекемелердің есепшотын пайдалануға сыртқы экономикалық іс-қызметке қатысушылардың тәуелсіз бағалаушы ICS компаниясының үстінен түсірген шағымдары бойынша соттар шектеу қойған. Бұл туралы бүгін, 17-қазанда Алматыда Қазақстан кедендік брокерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаков хабарлады.

  • 17 Қазан 2003
  • 484
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2000-жылы ҚР кедендік бақылау агенттігі Қазақстанға шетелдерден әкелінетін тауарларды тәуелсіз бағалау жөнінде халықаралық ICS компаниясымен шартқа отырған. Алайда, сыртқы экономикалық іс-қызметке қатысушылардың басым көпшілігінің пікірінше, тәуелсіз бағалаушы тауардың кедендік құнын асыра көрсету арқылы өз жұмысында біршама қателіктерге жол беруде. Соның салдарынан тек 2003-жылы сыртқы экономикалық іс-қызметке қатысушылар тауар бағасын әсіре қымбаттатқаны үшін ICS компаниясының үстінен 200-ден астам шағым түсірген. Бұл шағымдардың біразы бойынша арыз иелері жеңіске жетіп, келтірілген шығын көлемінің орнын толтырту үшін кедендік басқармалардың есепшотын пайдалануға сот тарапынан шектеу қойылған.

ҚР кедендік басқармасы мен ICS компаниясы арасындағы келісімге сәйкес бір жақтың екінші жаққа деген дау-дамайы жалпы тәртіп бойынша, яғни, сот арқылы шешіледі. Г.Шестаков жалпы шығын көлемін атай алмады, дейтұрғанмен, оның иелігіндегі брокерлік компания жалпы құны 19 млн. теңгенің 19 шағымы бойынша жеңіп шыққан.
Г.Шестаковтың хабарлауынша, қазір агенттік басшылығы ICS компаниясының үстінен шағым түсіріп, шығындарды өндіріп алу мүмкіндігін қарастыруда.

Соңғы жаңалықтар