Жарияланды: 650

Табиғат құбылыстары

Австралияда су құйыны  жағалау тұрғындарының зәресін алды. Жүздеген метрге дейін көтерілген табиғи құбылыс елдің шығыс жағалауларына жақын жерде туындаған. Мұхиттан құрлыққа қарай үлкен жылдамдықпен қозғалған құйын жергілікті тұрғындарды қатты шошытыпты. Австралиялықтар мұны жуырда ғана АҚШ-тың бірқатар қалаларын жермен-жексен еткен торнадоға теңесе керек. Абырой болғанда  құйын бірнеше минут қана жалғасып, жағалауға жетпей басылды.   

Ал елімізде ауа райы бұзылайын деп тұр. Әсіресе Алматы облысында күн күрт суытып, қатты нөсер болады. Сондықтан “Қазгидромет” алдағы тәулікте, әсіресе таулы жерлерге саяхат жасамауды ескертіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть