Тағы бір келіншек із-түссіз кетті. Ол баласымен бірге жоғалған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тағы бір келіншек із-түссіз кетті. Ол баласымен бірге жоғалған

Тағы бір келіншек із-түссіз кетті. Ол баласымен бірге жоғалған

Қарағандылық полицейлер сәбиімен бірге жоғалған 30 жастағы келіншекті іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды tengrinews.kz  "Новый Вестникке" сілтеме жасап. Оның жоғалғанына бір ай болған.

  • 24 Тамыз 2016
  • 871
Фото - Caravan.kz

Мөлдір Әбішева мен оның ұлы Әл-Әнуар Нүктенов 20 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен. Содан бері олардан хабар жоқ, әйел байланысқа шықпаған. Соңғы мәліметтер бойынша, балалы ана Қарағандыға жол тартқан. Олар Қарағандыдағы ДК ауданында тұрады екен. Олар Астанада да, Шымкентте де болуы мүмкін.

Әбішева Мөлдір Бейбітжанқызы 1986 жылы дүниеге келген. Белгілері: 160-165 сантиметр, шашы ұзын қара, көзі қоңыр. Қызыл түсті халат, сары түсті сыдыртпа киген.

Нүктенов Әл-Әнуар Асылбекұлы 2012 жылы дүниеге келген, Қарағандыдағы Горноспасательная көшесіндегі үйде тұрады.


Жоғалғандар туралы мәлімет білетіндерден 44-51-00, 44-50-91, 8-702-444-15-43 , 8-702-444-95-92 және 102 телефондарына хабарласуды сұраймыз", — делінген полицияның бағыттамасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде бір ай бұрын ғана күйеуге шыққан жас келін жоғалған болатын.