Ақтөбеде пойызға кешігіп қалған жас келін жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде пойызға кешігіп қалған жас келін жоғалып кетті

Ақтөбеде пойызға кешігіп қалған жас келін жоғалып кетті

Көркем атты келіншек Бершоғырдан Ақтөбеге оқуға түсу үшін келген. 20 тамыз күні кешке Шалқарға жүретін пойыздан кешігіп, Новый елді мекеніндегі әпкесіне баруды ұйғарған. Бірақ Көркем сол күйі хабарсыз кеткен.

  • 24 Тамыз 2016
  • 684
Фото - Caravan.kz

Жоғалған келіншек әлі табылмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Диапазон» басылымына сілтеме жасап. Жоғалып кеткен Көркем Мақсаттың фотосын туыстары әлеуметтік желі арқылы таратты.

20 тамыз күні шамамен кешкі 20:30-да қыз Новыйдағы әпкесінің үйінен шығып, вокзалға жету үшін таксиге отырған. Ол Бершоғырға бару үшін Шалқар пойызына асыққан. Ақтөбеге екінші жоғары білім алу үшін құжат тапсыруға келген. Бір ай бұрын Көркем тұрмысқа шыққан.

Келіншектің туыстары хабарлағандай, такси жүргізушісі оны вокзалға дейін жеткізбеген, 5 шағынаудан жетпей, қала ішіне тастап кеткен. Көркем күйеуіне хабарласып, пойызға үлгермейтінін, қайтадан тәтесіне баратынын, автобус жүрмегендіктен такси ұстайтынын хабарлаған.


«Бірақ ол тәтесінің үйіне қайтып оралмады. Телефоны сөндірулі», — деді келіншектің әпкесі. 

Соңғы жаңалықтар