Елімізде «Халықтық IPO» екі жыл бұрын басталған еді. Алғашқы болып «Қазтрансойл» ұлттық компаниясының құнды қағазы саудаға шығарылған. Оның бір акциясы 735 теңгеге бағаланған болатын. Бүгінде дәл сондай құнды қағаздардың құны 60 пайызға қымбаттап отыр. Яғни, ол дегеніміз — 1009 теңге. Осы сомаға енді Қазақстандағы электр жүйелерін басқаратын ең ірі желілік оператор «KEGOK» компаниясының үлесін кез-келген адамның сатып алуына болады.
Шыңғысхан Бірәлин, «Freedomfinance» брокерлік компаниясының қаржы кеңесшісі:
-Халық көбіне білмеген. «Халықтық IPO» не екенін. 2012-інші жылы бұл бағдарлама өз бастауын алған болатын. Қазтрнсойл компаняисы арқылы. Әрбір қатысушы 80 пайыз иеленген, Соның бәрін мен атап көрсеттім, түсіндірдім.
Ал акция сатып алған тұрғындар пайдаға кенеліп,ештеңеден ұтылмайтын көрінеді.Мәселен, «KEGOK» құнды қағазын иеленгендер, ұлттық компанияның басқару ісіне араласады, акционер ретінде дауыс береді. Алайда, бүгін семинарға қатысушылардың арасында мұның бәріне сенімсіздікпен қарағандар кездесті.
-«Халықтық IPO» туралы айтылады деген соң келдім. Тыңдауға. Бірақ сеніңкіремеймін.
Ұйымдастырушылардың бұл сөздерге құлағы әбден үйренген. Айтуларынша, мән-жайды толық түсінген соң адамдар ертеңіне акция сатып алуға өз аяғымен келетін көрінеді. «Халықтық IPO» бағдарламасына негізінен батыс аймақтың жұрты белсене қатысады екен. Ал «KEGOK»-тан соң «Қазақстан темір жолы», «Қазатомөнеркәсіп» секілді компаниялардың үлесі де саудаға шығарылмақ.