Тағылымы мол тұлға - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тағылымы мол тұлға

Тағылымы мол тұлға

Виктор Михайлович Инюшиннің 80 жас мерейтойына арналған құттықтау

  • 25 Ақпан 2021
  • 98
Фото - Caravan.kz

Құрметті Виктор Михайлович Инюшин!

Сізді 80 жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Бүгінгі таңда адам өмір жолының асқар биігі – сексен жасқа шығып отырған сізді, ғұмырын Қазақстан болашағына арнаған зиялы азамат ретінде таниды.

Бұл жылдар сіздің қоғамдық және жемісті еңбегіңіздің нағыз кемеліне келген кезең болды. Туған елге деген сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы биік ізбасарларыңызды тәрбиелеу жолында дарынды ұйымдастырушы қырынан көрініп келесіз.

Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде Қазақ халқының игілігіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абырой-беделіңізді атап өтпей кетуге болмас.

Биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының профессоры Виктор Михайлович Инюшиннің еңбектері мен марапаттары жетерлік.

В.М.Инюшин 1941 жылы туылған. Жоғарғы білімді тұлға.

Ғылым жолында көпке танылған Иньюшин 1963 жылы С.М.Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің биология мамандығын тәмәмдады. 1963 жылдан ҚазҰУ-де гистология және цитология кафедрасында стажер-зерттеуші болды. 1965 жылы осы кафедраның аға оқытушысы қызметін атқарып, 1973 жылы биофизика кафедрасының меңгерушісі болды.

1967 жылдан бері лазерлік фотобиология проблемасымен айналысады. 1972 жылы «Гистофизиологическое исследование действия излучений оптических квантовых генераторов и других светоустановок на организм человека и животных» тақырыбында докторлық диссертацияны қорғаған. 1977-1979 жылдары Польшада, Австралияда және Үнді елдерінде лекциялар оқыған. «Невада-Семей» ядролық қозғалысының мүшесі. В.М.Инюшиннің жетекшілігімен шаруашылық-келісім бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізіліп келеді.

Профессор В.М. Инюшин «Физиологические основы физического воспитания и видов спорта» курсты оқиды. Ғылыми жетекшілігімен 4 докторлық диссертация және 19 кандидаттық диссертация қорғады. Дипломдық, магистрлік жұмыстарға жетекшілік етіп келеді. Мектеп оқушыларына профориентациялық жұмыстарын жүргізуге ат салысады. Ғылыми жетістіктері жайында теледидарда жиі-жиі сөз сөйлейді және газет-журнал баспаларынан мақалалары жарияланып тұрады.


Ғылым жолы – аса күрделі бағыт. Осы ғылым бағытында аянбай еңбек етіп, еңбегі елеулі болып келе жатқан ұстазымыздың баспадан шыққан 500-ден астам ғылыми еңбектері бар. Және 60-тан астам авторлық куәліктер мен патенттердің иесі.

Беделді де, білікті профессор Виктор Михайлович Инюшин РФ лазерлік академиясының академигі, А.Л.Чижевский медалімен және «Құрмет» орденімен марапатталған. 2014 жылы

Универститетіміздің 80 жылдық мерей тойының тойлану қарсаңында «Университетке 80 жыл» медалімен марапаттталды.

В.М. Инюшин — университет, факультет ұжымдарында және студенттер қауымының арасында беделі жоғары дара тұлға.

Биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының аға оқытушылары М.С. Кулбаева, Е.В. Швецова

Соңғы жаңалықтар