Жарияланды: 150

Таиландта сегіз қазақстандық турист жол апатына түсті

Таиландта сегіз қазақстандық турист жол апатына түсті

Таиландтың Пхукет аралындағы Hanuman World атты аттракциондар паркінің территориясында микроавтобустың қатысуымен болған жол апатында он шақты турист зардап шекті, оның сегізі қазақстандық, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.

«Саябақ территориясында келе жатқан микроавтобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, ағашқа соғылған. Зардап шеккен он адамның тоғызы жақын маңда орналасқан Dibuk Hospital ауруханасына жеткізілген. Екі адамның аяғы, бір адамның қолы сынған, қалғандары ауыр жарақат алған», - деп хабарлайды басылым.

БАҚ мәліметінше, Hanuman World саябағы туристер арасында танымал. Сондай-ақ, осы аттракционға ресей мен ТМД елдерінің туристері келетіні айтылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін