"Тайжанды біреу тапсырыс беретіндей үлкен тұлға деп қабылдамайды екенмін" - Адвокат Ләззат Ахатова - kaz.caravan.kz
  • $ 441.41
  • 477.78
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тайжанды біреу тапсырыс беретіндей үлкен тұлға деп қабылдамайды екенмін" - Адвокат Ләззат Ахатова

"Тайжанды біреу тапсырыс беретіндей үлкен тұлға деп қабылдамайды екенмін" - Адвокат Ләззат Ахатова

Адвокат Ләззат Ахатова белгілі экономист Мұхтар Тайжанды айыптап, оны қатаң сынға аламын деп басы дауға алды. Өзін сынаған оқырмандарға адвокат жауап берді.

  • 25 Шiлде 2022
  • 154
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бір кісілер Мұхтар Тайжан туралы постымды тапсырыс, пәлен-түген, “заң адамы бола тұра, неге жала жабасыз, неге псевдопатриот дейсіз?”деп, ”ұрсып” тастапты)
Мен Тайжан деген кісіні өмірімде көрмегем. Тапсырыс алатын блогер емеспін. Жүргізіп жатқан істерім бойынша жазсам, ол менің кәсіби міндетім, тікелей жұмысым. Ал қоғамдағы түйткілді мәселелерге қоғам мүшесі ретінде ой қосам, пікір білдірем. Өз бетімше. Тайжанды біреу тапсырыс беретіндей үлкен тұлға деп қабылдамайды екем, ғафу етерсіздер)
Ол жерде клевета дейтіндей, сөз айтылған жоқ. Мен өз пікірімді жаздым. Оған құқылымын. Өз ойын айтқан — жала жабу емес. Маған әрекеттері жасанды, популист боп көрінеді. Халықтың қамын ойлаған боп жүріп, өз пайдасын жақсы білетін адам сияқты көрінеді. Бар болғаны осы. Соны жаздым. Солай ойлаймын. Бұл-менің жеке пікірім. Жеке пікірі үшін жаза жоқ. Сөз бостандығы бар елдің азаматымыз.
Менің ол постты жазған себебім-халық тағы әлдекімдерге алданбаса екен деген тілек. Онсыз да кімге сенерін білмей, сарсаң болып жүрген елдің басын қатырып жүрген “саясаткерлер” көбейді. Соны айттым. Әлі де айтам, айтқым келсе. Өйткені түрлі сипаттағы алаяқтардан аяқ алып жүре алмайтын қоғамға айналдық. Саяси алаяқ, телефонный алаяқ, базардағы алаяқ, т.с.с жіктеп, түр-түрге бөліп, классификация жасауға болатындай жағдайға жеттік.
Сондықтан ел мынадай күрделі саяси жағдайда тұрғанда, алаяқтардың кез-келген түрінен сақтанғанымыз дұрыс. Айтқым келген ойым — осы болатын", — деп жазды адвокат Ләззат Ахатова.

Соңғы жаңалықтар