Талдықорған полициясы екі адамның өліміне қатысты қылмысты әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.16
  • 480.39
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорған полициясы екі адамның өліміне қатысты қылмысты әшкереледі

Талдықорған полициясы екі адамның өліміне қатысты қылмысты әшкереледі

Талдықорған полициясы екі адамның өліміне қатысты қылмысты әшкереледі. Бұл туралы Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 4 Наурыз 2004
  • 417
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, бірнеше жерінен пышақталған екі еркектің мәйіті 3-наурыз күні солардың өз пәтерінен табылған. Полиция қызметкерлерінің анықтағанындай, кісі қолынан жазым болғандардың есімі 1948 және 1951 жылы туған, еш жерде жұмыс істемейтін ағалы-інілі Епифановтар көрінеді.

Қылмысқа күдікті бірнеше сағат ішінде құрықталды. Бұрындары сотталған, 1955-жылы туған жұмыссыз өзінің жасаған қылмысын мойындады. Оның айтуынша, қылмыс 1-наурызда, кезекті бір көңілді отырыстан кейін орны алған. Полиция қызметкерлерінің пайымдауынша, қаза болған адамдар мен тұтқын жақсы таныс болғанға ұқсайды.
Тұтқын сонымен бірге кісі өлтірген құралын да көрсетіп, полиция қызметкерлері оны айғақзат ретінде қылмыстық іске тіркеді. Күдікті қазір Талдықорған қалалық уақытша тергеу абақтысында отыр.
Құқық қорғау мекемелерінің мәліметіне жүгінсек, Алматы облысында жыл басынан бері кісі өлтіру оқиғасынан 30-дан астам тіркелді.

Соңғы жаңалықтар