Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, Талдырқорғанның ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне 25-жастағы қыздың — ақша айырбастау бөлімшесі кассирінің көптеген пышақ жарақатын алған өлі денесі табылды деген хабар келіп түскен.
«Қылмыс болған жерде қалалық ІІБ жедел-тергеу тобы облыстық ІІБ криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп іздестіру жұмыстарын жалғастыруда»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Полицейлер айырбастау бөлңмшесінің кіретін есігі бүлінбегендігін нақтылап өтті, «жәбірленуші қарақшылардың қорқытуынан оларға есікті өзі ашқан деген болжам жасауға болады».
«Қазіргі уақытта ұрланған ақша көлемі анықталып жатыр»,- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.