Екі апта бойы бүлдіршін Өскемендегі балалар үйінде қарауда болды. Шекесі торсықтай сәбидің дені сап-сау, дамуы да қалыпты. Ал, осы уақыт бойы көкек ананы іздеген тәртіп сақшылары оны таба алмаған. Ақыры әйел баласын өзі іздеп келіпті. Енді оны ата-аналық құқығынан айыру мәселесі қарастырылуда.
Әсел Әміренова, Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі:
— Ол кісінің тұрақты белгілі мекен жайы болмаған. Сондықтан тастаған. Қайда апаратынын білмей. Өйткені, дәл балалар үйінің жанында орналасқан үйдің алаңына әкеп тастаған.
Ал Талдықорғанда көпқабатты үйлердің бірінің тұрғыны есігінің алдынан бір жасар баланы тауып алды. Жанында сүт құйылған шөлмек пен жөргектер жатқан. Шырылдаған нәрестеге жаны ашыған келіншек бірнеше күн оны үйінде ұстапты. Ешкім іздеп келмеген соң, барып полицияға хабар берген. Сәбидің ата-анасы әлі іздестірілуде.