Талдықорғанда энтеровирусты жұқпалы дерт деген күдікпен ауруханаға жатқызылған сегіз баланың үшеуі ауруханадан шықты
Астана. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Талдықорғанда энтеровирусты жұқпалы дерт деген күдікпен ауруханаға жатқызылған сегіз баланың үшеуі ауруханадан шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ мәліметінше, 5 - 10 жас аралығындағы үш бала кеше ауруханадан шыққан. Қалған балалардың жағдайы қанағаттанарлық.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Талдықорғанда энтеровирусты жұқпалы дерт деген күдікпен 8 бала ауруханаға жатқызылған. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 26 қыркүйекте Талдықорғандағы жұқпалы аурулар ауруханасына "Басқару негіздерінің мектебі" атты мемлекеттік емес ұйымнан 20.00 мен 03.00 аралығында 3 - 10 жас аралығындағы 8 бала "энтеровирусты инфекция" деген диагнозбен жатқызылған.
"Балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Қалалық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасының комиссиясы зертханалық тексерулерге сынама алды", - делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін