Талдықорғанда өрт салдарынан бір отбасының үш адамы мерт болды
Талдықорғанда өрт салдарынан бір отбасының үш адамы, соның ішінде екі бала мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Қайтыс болған адамдардың денесі, соның ішінде 1 және 6 жастар шамасындағы екі баланың өлігі жеке меншік тұрғын үйде шыққан өртті ауыздықтау кезінде табылды.
Тілсіз жау басталған сәттен бастап 20 минуттан кейін өшірілген. Өртті сөндіруге өрт сөндірушілер құрамының 5 адамы мен бір техникасы қатысты.
Агенттік ақпаратына сәйкес, өрттің шығуына отпен абайсыз қарым-қатынас себеп болған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін