Өрт 1-желтоқсан күні 12 сағат 24 минутта шыққан. Оны сөндірген кезде бір қартаң әйел мен 33 және 44 жастағы екі еркектің мәйіті табылды.
Тілсіз жау бір сағаттың ішінде ауыздықталды. Оны сөндіруге өртке қарсы мемлекеттік күрес қызметінің 5 адамы жұмылдырылды.