Алматы облысы бойынша ауылшаруашылығы департаментінің хабарлауынша, барлығы облыс орталығында осындай сауда нысандарының саны 19. Мұнда ұлттық сусындардан бөлек, етті нан, қазы, қарта мен жал-жая сынды ұлттық тағамдар сатылады.
Сонымен қатар, осындай өзгеше дәмханалар арқылы 63 адам жұмыспен қамтылды. Шұбаттың бағасы 350 теңге. Қымызды шаруа қожалықтарынан 250-300 теңгеге сатып алады. Екі сусын да литрі үшін 400 теңгеден саудаланады.
Бұл стационарлық киіз үй-қымызханалар алты жылдан бері жұмыс жасауда. Олар Алматы облысының бұрынғы әкімі Серік Үмбетовтың бастамасымен ашылып, қазіргі аймақ басшысы Аңсар Мұсахановтан қолдау тапты.