Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының оперативтік қызметкерлері, «Арлан» арнаулы бөлімшесінің жауынгерлері мен ҰҚК-нің облыстық департаментінің қызметкерлері күдіктілерді Талдықорғанның шетінде, «Ирбис» көңіл көтеру кешенінің жанында ұстады. «Күдіктілер мінген көліктің ішінен тәртіп сақшылары 5,45 мм-лік «ПСН» тапаншасын, калибрі 7,62 мм-лік «ТТ» тапаншасын тапты», — деп хабарлайды полицейлер.
Бұған қоса, баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталғандардың бірінің үйінен тінту кезінде «Байкал» маркалы, калибрі 9 мм-лік екі тапанша мен чехияның «ЧЗЕТ» маркалы, калибрі 7,65 мм-лік тапаншасы, сондай-ақ, 20-дан астам оқ пен 5 грамға жуық героин табылды.
«Қазір тәркіленген қару-жарақ сараптамаға жіберіліп, ұсталғандар уақытша тергеу абақтысына қамалды», — деп хабарлайды полицейлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті