Жарияланды: 400

Талдықорғанда «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы парамен ұсталды

алдықорғанда Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы Ерме Отыншиев парақорлығы үшін ұсталды.

Облыстық қаржы полициясы департаментінің басшысы Айвар Бодановтың айтуынша, Отыншиев Қытайға сапар жасауға берілетін әрбір рұқсатнама құжат үшін 50 АҚШ доллары мөлшерінде «қол ақы» белгілеп қойған болып шықты. Осылайша, инспектор ағымдағы жылдың 19 мамыры мен 13 маусымы аралығында жалпы сомасы 835 мың теңгенің парасын алған. «13 маусымда арнайы операция барысында Е.Отыншиев өз қызмет кабинетінде бұлтартпас айғақпен - пара алу үстінде ұсталды. Оның үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 311-ші бабы 4-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады Айвар Боданов. Талдықорған қалалық сотының санкциясымен Е.Отыншиев 15 маусымда қамауға алынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін