Талдықорғанда ЖШС аумағында газ жарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда ЖШС аумағында газ жарылды

Талдықорғанда ЖШС аумағында газ жарылды

Зардап шеккендер бар. 

  • 22 Қазан 2022
  • 144
Фото - Caravan.kz

Талдықорғандағы ЖШС аумағында орналасқан жеке ғимаратта газ-ауа қоспасы жарылып, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментіне жарылыс туралы ақпарат 22 қазанда таңғы 05:50 шамасында келіп түскен. Талдықорған қаласы Желтоқсан көшесінде орналасқан ЖШС аумағындағы жеке нысанда газ-ауа қоспасы жарылды. Салдарынан қабырғалары құлап, 20 шаршы метр аумақ өртенді.

Жарылыстан 1982 жылы туған күзетшінің қолы мен беті күйіп қалған. Қазір оның жағдайы тұрақты.


Қазір жарылыс салдары анықталып жатыр