Талдықорғандық студент оқу ақысын төлеу үшін сәбиін сатқан - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғандық студент оқу ақысын төлеу үшін сәбиін сатқан

Талдықорғандық студент оқу ақысын төлеу үшін сәбиін сатқан

Алматы облысында дүние есігін енді ашқан нәрестені  саудаға салған 20 жастағы келіншек ұсталды. Талдықорғандық студент жоғары оқу орнының жылдық ақысын төлеу үшін осындай қадамға барыпты.

  • 10 Қыркүйек 2014
  • 427
Фото - Caravan.kz

-Түсірмеңіздерші, түсірмеңіздерші…

Осылайша бетін бүркемелеп тұра қашпақ болған қызды тәртіп сақшылары дереу тұтқындады. Ақылы оқуының ақшасын төлеу үшін құрсағындағы сәбиін сатуды ұйғарған ол қазір тергеушілерге жауап беруде. Бір қызығы шаранасын 340 мың теңгеге бағалаған келіншекке бала сатып алушылар да тез табыла кетіпті. Бірнеше жылдан бері бала сүйе алмай жүрген отбасы аталмыш ақшаны әп-сәтте санап беруге келіскен. Бірақ сәби саудасы сәтсіз аяқталды. Осы іске қатысы барлар енді 10 жылға дейін абақтыға қамалуы мүмкін. Ал нәресте жетімдер үйіне тапсырылды.